14
май
2023
Игі істер күні
“Төрт тоқсан - төрт өнер” ұлттық мәдени- ағартушылық жоба тұжырымдамасы негізінде “Туған өлкем” фестивальі аясында абаттандыру, көгалдандыру бойынша мектебіміздің оқушылары “ Ағаш отырғызу, гүл егу” республикалық челленджіне қатысты.
Бұл іс-шара экологиялық мәдениетті, өлке табиғаты мен қоршаған ортаға ұқыпты қарауды, еңбекқорлықты, қоршаған ортаны көгалдандыруды дамытуға бағытталған.
«Жасыл мекен» республикалық челленджі білім алушылардың еңбекқорлығы мен қоршаған ортаға деген қамқорлығын көрсетеді.


