27
март
2023
Психология бойынша тренингтер
Шымкент қаласы Дарын орталығының ұйымдастыруымен 2023жылдың 21 наурыз күні жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға қатысушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және психологиялық көңіл-күйлерін көтеріп, позитив қалыптастыру мақсатында кешкі сағат 20:00-21:00 арасында Титов атындағы 20 мектеп- гимназиясының педагог- психологы Садыханова Асия Туймехановна психологиялық тренинг ойындар өткізді. Тренинг М. Әуезов атындағы ОҚУ 5 жатақханасында 9-11сынып оқушыларымен өтті. Тренингтің мақсаты олимпиадаға келген 9-11 сынып оқушыларының психологиялық бейімделуіне, өз-өздеріне сенімділік арттыруына септігін тигізу.


