07
март
2023
“Ризашылық - мейірімділік бұлағы"
“Ризашылық - мейірімділік бұлағы” жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыру мақсатынада Алғыс айту күніне орай Шымкент қаласы Титов атындағы #20 мектеп-гимназияның қазақ тілі пән мұғалімдерінің арасында өткізілетін мектепішілік кездесу өткізілді.
Дебат АПФ форматында ойналды. “Қазақ тілінің қарқынды дамымауына жастар кінәлі” тақырыбын қозғаған парламент мүшелері жастардың орынды-орынсыз сленг, англицизмдерді көп қолданатынын алға тартты. Әлеуметтік желілерде де сауатты жазуға мүлдем көңіл бөлмейді, түсінсе болды емес пе деп біле тұра қате жазады деді.
Оппозиция мүшелері тілдің қарқынды дамуына жастар ғана емес, көптеген басқа факторлар да әсер ететінін алға тартты.
Кездесу қорытындысы бойынша үкімет болған “Ділмар” тобы жеңіске жетті


